Current Date: 14-03-2025

Наталья Богданова әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Бүгін әлем чемпионатында он боксшымыз ¼ финал аясында шаршы алаңға шығады .

1/8 финалда Наталья Богданова Испания боксшысын еш қиындықсыз жеңіп, 70 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті. Жекпе жек үшінші раундта тоқтатылды.

Бүгін, 13 наурыз, Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер өтеді. Бұл кезеңге Қазақстан құрамасынан барлығы он боксшы жетті.

Кездесулер Астана уақыты бойынша 18:00-де басталады.

Қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін барлық жекпе-жектер:

48 кг дейін: Назым Қызайбай — Анаонис Седено Рохас (Венесуэла)

50 кг дейін: Алуа Балқыбекова — Айсен Тасқын (Түркия)

54 кг дейін: Жайна Шекербекова — Сара Циркович (Сербия)

57 кг дейін: Карина Ибрагимова — Ян Цай (Қытай)

60 кг дейін: Виктория Графеева — Ситора Турдібекова (Өзбекстан)

63 кг дейін: Аида Әбікеева — Эсманур Лок (Түркия)

66 кг дейін: Жасмин Қизатова — Альбина Молдажанова (Ресей)

70 кг дейін: Наталья Богданова — Милена Матович (Сербия)

75 кг дейін: Надежда Рябец — Николина Гажич (Сербия)

81 кг жоғары: Ельдана Тәліпова — Сара Миликович (Сербия)