Current Date: 15-03-2025

Димаш Құдайберген 8 наурыз құрметіне орай жаңа ән жазды

Love’s not over yet әнінің продюсері – Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері Уолтер Афанасьев.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын әзірледі. Бұл туралы Dimashnews.kz сайты жазды.

Жаңа әннің премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда, ал бейнеклип Димаштың YouTube арнасында жарияланады.

"Love’s not over Yet" атты жаңа әнімен танысуға бір апта ғана қалды. Димаш Құдайбергеннің келесі синглы – бүкіл әлемде, соның ішінде Испанияда жанкүйерлерінің қошеметіне ие болған қазақ әртісінің жанды қойылымын көру үшін басқа елдерге, оның ішінде Венгрияға да барудан тартынбайтын фан-клубы бар. Онда ол үлкен залдарды жанкүйерлерге толтырып, 2017 жылдан бастап Dears деген атауға ие болған өз жанкүйерлерінің ерекше махаббатына бөленді", – делінген испаниялық Los 40 сайтында.

Айта кетейік, маэстро Афанасьев Уитни Хьюстон, Барбра Стрейзанд, Мэрайя Кэри, Селин Дион, Лара Фабиан, Рики Мартин, Леона Льюис, Savage Garden сынды әлемдік жұлдыздармен серіктес ретінде культ әндердің авторы және продюсері болған.