19 наурызда Қасиетті Түркістанда жаңа туристік маусым басталады.
Мереке қарсаңынды қала әкімдігі жаңа рекорд орнатуға ниеттеніп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Түркістан облысы туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов туристік маусымның ашылуына қатысты жоспарларын бөлісті. Салтанатты жиында ұлттық шығармашылық орталықтары, эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Барабанды шоу және ақындар кеші де дайындалып жатыр.
"Шара кезінде 2,5 мың литр наурыз көже пісіріп, қазақстандық рекорд жаңартылады", – деп атап өтті Нұрдәулет Медеуов.
Бұған дейін наурыз көже пісіруден Астана әкімдігі рекорд орнатқан. 2023 жылы мереке қарсаңында қаладағы "Байқоңыр" ауданының әкімдігі 2100 литр көже дайындап, қала тұрғындарына таратқан еді. Екі тонна көжені он қазанға бөліп пісірген. Биыл түркістандықтардың осы рекордты жаңартамыз деген ойы бар .