Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 14%-ға артық.
Бұл туралы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Басқарма басшысының айтуынша, шетелдік туристер негізінен Ресей, Қытай, Германия, Түркия, АҚШ және Оңтүстік Корея елдерінен келген.
– Қалада бизнес-туризм мен медициналық туризм белсенді дамып келеді. Сонымен қатар, оқиғалық (ивент) туризмге ерекше көңіл бөлініп отыр. Гастрономиялық және мәдени-спорттық туризмді ілгерілетуге де басымдық берілуде. Өткен жылы елордада 168 халықаралық деңгейдегі іс-шара өтті. Олардың ішінде ШЫҰ, ВИК, Automechanika, Enactus, Comic Con және басқа да ауқымды шаралар бар. Ал биыл 300-ден астам мәдени-спорттық іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр, – деді Әкімжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Астанада туризмнің тұрақты дамуы үшін мынадай міндеттер қойылған:
- халықаралық бизнес, оқиғалық және спорттық іс-шараларды тарту;
- медициналық және гастрономиялық туризмді дамыту.
Халел Әкімжановтың айтуынша, бұл іс-шаралар елорданың имиджін нығайтумен қатар, экономикалық өсім мен туристік саланың дамуына оң әсер етеді.
Сонымен қатар, 2025 жылдың ақпан айынан бастап "Astana Tourism" Туризмді дамыту орталығы жұмыс істей бастады. Оның басты мақсаты – Астананы Орталық Азиядағы іскерлік және оқиғалық хабқа айналдыру.