Current Date: 14-03-2025

Алматы қаласы мен Алматы облысында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Екі өңірдің прокурорлары Серік Кәріпбеков пен Берік Адамовтың төрағалығымен мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Осындай форматта алғаш рет өткізілген кеңес қылмыстың профилактикасы және алдын-алу шараларының тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған.

Шекара маңындағы аудандардағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды. Алматыдағы барлық қылмыстардың шамамен 40 %-ын басқа қаладан келгендер жасайтыны, Алматы облысындағы қылмыстардың 25 %-ын түрлі өңірлерден келген адамдар жасайтыны анықталды.

Қылмыстылық деңгейін төмендетуге бағытталған алдын-алу шараларының кешенін қамтитын 2025 жылға арналған криминогендік жағдайды жақсарту жөніндегі бірлескен жоспар ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша екі өңірде де құқық бұзушылықтың алдын-алуды күшейтуге және заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шешімдер әзірленді.

Алматы және Алматы облысының қадағалау органдары заңдылықты қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер қойды.