Current Date: 14-03-2025

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесінде ортақ шешімге келді

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара дауына нүкте қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

24kg мәліметінше, екі елдің президенттері Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау және демаркациялау туралы шартқа қол қойды.

Мемлекет басшылары қырғыз-тәжік шекарасындағы «Қызыл-бел» және «Қайрағаш» БӨП жұмысын қайта бастауға тапсырма берді.

Сонымен қатар екі елдің СІМ арасында су-энергетикалық және жол-көлік инфрақұрылымы бойынша бірқатар келісімге қол қойылды.

Естеріңізде болса, шекара қарулы қақтығыстан кейін – 2021 жылдың мамырында жабылды. 28 сәуірде Баткен облысындағы «Головный» су тарату пункті ауданында атыс болды. Содан кейін оған армия бөлімшелері мен ауыр техникалар тартылды.