0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Еуропалық одақ Қазақстанның тау-кен өндірісін дамытуға ықпал етеді. Бүгін осындай маңызды келісімге қол қойылды. Яғни шикізат Еуропаға тасымалданады. Ал Қазақстан тау-кен секторын нығайтады. Инновацияларды дамытады. Білікті жұмыс орындарын ашады. Сондықтан шикізатқа сұраныс нәтижесінде қос тарап та ұтылмайды.
Сыртқы істер министрімен кездескен Еуропалық одақтың халықаралық әріптестік жөніндегі комиссары Йозеф Сикела осылай деді. Тараптардың қатысуымен «Global Gateway» еуропалық бастамасы аясындағы жобаларды іске асыру бойынша жиын өтті.
Самал Қабышева