Бұл елді мекенде 30 үй, шамамен 150 адам тұрады .
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Жалғызтал ауылының тұрғындары ішімдіктен түбегейлі бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Осылайша, олар құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық тәртіпті нығайтып және салауатты өмір салтын насихаттап отыр. Ауыл тұрғындары саналы таңдау жасап, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қойды. Соңғы үш жылда Жалғызталда бірде-бір қылмыс тіркелмеген", - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Полицейлер ауыл жұртшылығының бастамасын қолдай отырып, тұрмыстық жанжалдар мен басқа да қылмыстар көбінесе мас күйде жасалатынын атап өтті.
Айта кетейік, Жалғызтал ауылы облыс бойынша ішімдіктен бас тартқан алтыншы елді мекен болып отыр.