Current Date: 14-03-2025

Отандық комедия көрерменге жол тартты

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қазақ кино қоржыны жаңа туындымен толықты. Су жаңа «Малай» фильмі көпшілікке жол тартты. Бұл — бүкіләлемдік хитке айналған «Холоп» картинасының қазақы болмысқа сай бейімделген нұсқасы. Бұған дейін Франция, Түркия, Жапония, Мексика және Үндістан елдерінде көрсетілген.

Ойын-сауыққа толы өмір. Қыдыру, күлкі-думан. Туынды дәл осылай байлыққа батып, қайғы-мұңсыз күн кешкен бай баласының мамыражай күндерінен басталады. Ұлының ессіз әрекеттерінен шаршаған әкесі тентекті тезге салудың жаңа тәсілін табады. Сөйтіп, қаражатын қисапсыз жұмсап өскен ұл, бір-ақ сәтте байырғы заманға тап болып, жарлының күйін кешеді.

Жеңіс Омаров, актёр:

Жүрегіңізді тыныштандыратын кино деп айта аламын. Неше түрлі эмоцияны көре аласыздар ол жерде. Күлесіз,жылайсыз, қуанасыз, көңіліңіз түседі,көтеріледі. Фильмнен «Судың да сұрауы бар», жалпы түйетін ой сол боп тұр. Бірақ одан да бөлек әке мен баланың арасындағы қарым-қатынас, одан бөлек махаббат линиясы. Әркім өзіне керегін ала алатын кино ғой.

Байлыққа масаттанған баланың көне заманға түсіп, есі кіреді. Мұндағы ұлттық құндылықтар, халқымыздың болмысына сай әзілдер, жалпы шытырманға толы оқиға желісі көрерменді бірден елітіп әкетеді,-дейді шығармашылық үжым.

Аида Құрманғалиева, актриса:

«Малай» фильмі барлығы білетін Ресейдің «Холоп» деген фильмінің франшизасы. Бірақ өзіміздің нақышта. Яғни, қазақи, өзіміздің менталитетке аударылып, жасалған өте әсерлі комедиялық фильм. Негізі қызық сәттер көп болды. Өйткені, әрбір түсірілім, әрбір сценада өте көп импровизациялар болды.

Фильм күлдірте отырып, ой салуды көздейді. Жаңа бағыттағы комедияны бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрынан тамашалай аласыздар.

Ернұр Медет