Current Date: 14-03-2025

Шымкентте жаңа перзентхана салынады

Шымкентте ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр.

Бұл туралы әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сәрсен Құранбек сөзінше, Ақжайық шағын ауданында 200 орынды перинаталдық орталық салынбақ. Айта кету керек, бүгінде мегаполисте 4 бала босану орталығы бар.

"Біз перинаталдық орталық салуды қолға алмақшымыз. Оның жобалық сметалық жобалау құжаты қолға алынып жатыр", — деді Шымкент қалалық әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек.

Сонымен қатар, биыл Нұрсәт шағынауданындағы перинаталдық орталыққа қосымша корпус салынады және қан орталығында да қосалқы ғимарат бой көтермек. Бұдан бөлек, қалалық диагностикалық орталық та кеңейтіледі.