Current Date: 14-03-2025

Қазақстанда шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған жетекші жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді

Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 7 наурыздағы бұйрығымен 2025 жылға арналған ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және басқа да ұйымдардың тізбесі бекітілді.

Тізімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия бекіткен ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесіне сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту үшін жетекші шетелдік 459 жоғары оқу орны енгізілді.

Олардың арасында:

  • Маккинори университеті, Австралия;
  • Blue Mountains халықаралық қонақ үй менеджменті мектебі (BMIHMS), Австралия;
  • Корольдік Мельбурн технологиялық институты (RMIT университеті), Австралия;
  • Сидней технологиялық университеті, Австралия;
  • Австралия ұлттық университеті;
  • Вена музыка және орындаушылық өнер университеті (Universität für Musik und darstellende Kunst Wien), Австрия;
  • Вена ветеринариялық медицина университеті, Австрия;
  • Рио-де-Жанейро федералды университеті (Universidade Federal do Rio de Janeiro), Бразилия;
  • Лист атындағы музыка академиясы, Венгрия;
  • Архитектуралық қауымдастық сәулет мектебі, Ұлыбритания;
  • Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебі, Ұлыбритания;
  • Оксфорд Брукс университеті, Ұлыбритания;
  • Лондон бизнес мектебі;
  • Кембридж университеті, Ұлыбритания;
  • Оксфорд университеті, Ұлыбритания;
  • Бремен құрылысшы университеті, Германия;
  • Дрезден техникалық университеті (Technische Universität Dresden), Германия;
  • Saveetha медициналық және техникалық ғылымдар институты (университет болып саналады);
  • Иерусалимдегі еврей университеті;
  • Оттава университеті, Канада;
  • Қытай тау-кен және технология университеті;
  • Қытайдың ғылым және технология университеті;
  • Әмірліктердің қонақжайлылықты басқару академиясы (EAHM);
  • РУДН университеті, Ресей;
  • The New School жанындағы Парсонс дизайн мектебі, АҚШ;
  • Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университеті, АҚШ;
  • Стэнфорд университеті, АҚШ;
  • Гарвард университеті, АҚШ;
  • Аспаздық өнер академиясы Швейцария және т.б.

Ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылған ғылыми орталықтар мен басқа да ұйымдардың тізімінде 341 шетелдік ұйым бар.

Олардың ішінде, атап айтқанда:

  • Қытай ғылым академиясы;
  • Ресей ғылым академиясы;
  • Американдық қатерлі ісік қоғамы;
  • Еуропалық биоинформатика институты EMBL;
  • Париж республикалық ауруханасы (Assistance Publique Hopitaux de Paris);
  • Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институты, АҚШ;
  • Қытай ғылым академиясының Ухань вирусология институты;
  • Бірлескен биоэнергетика институты;
  • Бак атындағы қартаюды зерттеу институты, АҚШ;
  • Қант диабеті және ас қорыту және бүйрек аурулары ұлттық институты, АҚШ;
  • Медициналық зерттеулер мен даму жөніндегі Жапония агенттігі;
  • Ұлттық жаңартылатын энергия зертханасы (АҚШ);
  • Каталондық химия өнеркәсібі институты (Institut de Quimica Avancada de Catalunya), Испания;
  • Ауыл шаруашылығы және агроазық-түлік Канада, т.б.

Бұйрық 2025 жылғы 13 наурызда күшіне енді.