Current Date: 14-03-2025

Жолаушылар мінген ұшақтан өрт шықты

АҚШ-тың Денвер қаласының әуежайында ұшақ өртенді . Бұл туралы Fox News телеарнасына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, жолаушылар ұшақ қанаты арқылы эвакуацияланған. Әзірге өрттің шығуына не себеп болғаны белгісіз. Әлеуметтік желі қолданушылары шығатын есік маңы түтеп жатқан видеомен бөлісіп жатыр.

Денвер халықаралық әуежайы барлық жолаушы қауіпсіз жерге көшірілгенін алға тартты. Жарақат алғандар жоқ.