Current Date: 15-03-2025

Жұлдыз Сүлейменова театрда қазақ әйелдерін сахналау дәстүрін жалғастыруды ұсынды

Бұл ой жазушы, драматург ағай, апайларымыз Роза Мұқанова, Светқали Нұржановтың "Бопай ханым" пьесасынан кейін туған.

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Ұлттық құрылтайда театр сахналарында қазақ әйелдерінің репрезентациясын күшейтуді ұсынғаны туралы жазды.

Бұл ой жазушы, драматург ағай, апайларымыз Роза Мұқанова, Светқали Нұржановтың "Бопай ханым" пьесасынан кейін туған.

"Қазақ тарихында өз тағдырын ел мүддесіне арнаған, қоғам мен мемлекеттің дамуына зор үлес қосқан әйел тұлғаларын сахнада бейнелеу дәстүрін жалғастыру қажет деп санаймын. Мысалы, қазақтың көрнекті ағартушысы Шоқан Уәлихановтың әжесі, кей деректерде 6 тілді еркін меңгерген дипломатиялық қызметімен танылған – Айғаным ханым, Кенесары ханның қайсар қарындасы, алғашқы әскери барлаушы – Бопай ханым, алғашқы қазақ дәрігерлері – Аққағаз Досжанова, Гүлсім Асфендиярова, ұлт болашағы үшін алғашқы ұстаздық жолын бастаған Назипа Құлжанова, Хұсни-Жамал апаларымыз бар", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Ол, сондай-ақ, екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, тұңғыш қазақ әйел-ұшқышы Хиуаз Доспанова сынды батыр қыздардың өнегесі сахналанса, жаңа туынды тәрбиелеуде ерекше болмақ.

"Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады, себебі қазақ тарихында батыр, ақылды, қайсар қыздар бар. Дегенмен, бүгінгі ақпарат тасқыны мол заманда жас ұрпақ бұл тұлғаларды тек оқулықтан емес, сахна арқылы көріп, сезінуі маңызды. Сондықтан арнайы театрларда қазақтың қыздары туралы драмалық қойылымдарға қолдау көрсету қажет деп санаймын", – деді Жұлдыз Сүлейменова.


Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты балалардың кітапқа құмарлығын ояту үшін мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды