Current Date: 14-03-2025

Еуропалық ғарыш агенттігі Марстың жаңа суретін жариялады

Еуропа ғарыш агенттігі жеті қат көктегі Марс пен оның серігі Деймостың суретін жариялады, деп хабарлайды 24kz.

Бес мың шақырым қашықта түсірілген суреттер зондқа орнатылған камераның артықшылығын байқатты. Бұл ғалымдарға планета туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Енді ғарыштан алынған суреттерді мамандар бүге-шігесіне дейін зерттейді. Бұл зонд жер шарын астероидтардан қорғау бағдарламасында басым рөлге ие. Құрылғы өткен жылдың қазан айынан бастап ғарыш кеңістігінде орналасқан.