Құрылғы үш ай бойы жүректің қызметін мүлтіксіз атқарған.
Австралия тұрғыны жасанды жүрекпен 100 күн өмір сүрген, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Мұндай тәжірибе әлемде алғаш рет қолданылып отыр. Дәрігерлер аман қалған науқасқа қайта ота жасап, жасанды жүректі донордың ағзасымен алмастырды.
Сиднейлік 40 жастағы азамат бұған дейін жүрек талмасымен ауырған. Ем қонбағандықтан ақ халаттылар оның басты ағзасын қолдан жасалған технологиямен ауыстыруға мәжбүр болыпты. Құрылғы үш ай бойы жүректің қызметін мүлтіксіз атқарған.
Жақында науқасқа донордың ағзасы салынды. Дәрігерлер азаматтың жағдайы жақсы дейді.
Енді ел билігі жүрек қызметін атқаратын аппаратты жасауға 50 миллион доллар қаражат аудармақшы.