Current Date: 14-03-2025

Нақты ахуалды боямасыз көрсеттік, бос уәде де берген жоқпыз - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев 2демі сөйлеп, уәдені үйіп-төккендер емес, мақсат жолында үздіксіз алға ұмтылып, жұртқа жаға бермесе де, аса маңызды шешім қабылдай білетіндер табысқа жететінін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әрдайым әділ диалог орнатуға ұмтылдық, қиындықтар пен қауіп-қатерлерді жасырмай, турасын айттық. Нақты ахуалды боямасыз көрсеттік, бос уәде де берген жоқпыз. Ащы шындық бәріне бірдей ұнай бермейді. Бірақ мұндай қадам жағдайға тура қарап, жалған үмітке алданбау үшін керек. Әдемі сөйлеп, уәдені үйіп-төккендер емес, мақсат жолында үздіксіз алға ұмтылып, жұртқа жаға бермесе де, аса маңызды шешім қабылдай білетіндер табысқа жетеді. «Еңбек жолы мұратқа жеткізеді». Бұл – біз атқарып жатқан жұмыстың басты қағидасы»

«Бұл деректер бәріміз бір ел болып атқарған жұмыстың бір парасын ғана көрсетеді. Біз барлық сын-қатерді сенімді түрде еңсеруді және мәселенің бәрін байыппен, іскерлікпен шешуді үйрендік. Ешқашан популизмге, менмендікке және жалған ұранға жол берген жоқпыз»

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз