Бұл жоба елдің транзиттік әлеуетін нығайтуға өз үлесін қосады .
Әрі мұндай бекеттердің жөнделуі оның өткізу мүмкіндігін 6 есе арттырмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Amanat партиясы шекара маңындағы аудандарды дамытуға қатысты жаңа заң қабылдауды ұсынып отыр. Үкіметке депутаттармен бірге бұл ұсынысты мұқият қарастыруды тапсырамын.
Әдетте шекара маңындағы аудандар арқылы маңызды көлік-логистика дәліздері өтеді. Биыл автокөліктерге арналған 9 кеден бекетін жаңғырту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде, мұндай бекеттердің өткізу мүмкіндігі 6 есе артады. Бұл жоба еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтуға едәуір үлес қосады, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Ұлттық құрылтайда.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке Астанадан Каспийге дейін жол салуды бастауды тапсырған еді.