Current Date: 14-03-2025

Қосшыда халықаралық деңгейдегі колледж ашылады

Астана іргесінде тұрған қала тез өсіп келе жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жастардың мүмкіндігін арттырып, кәсіби бағыт-бағдар беруге баса назар аудару қажет. Олардың сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды меңгеруіне жағдай жасау керек. Жастардың заман талабына сай білім алуын қамтамасыз ету үшін Үкімет пен облыс әкімдігі Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашуға кірісуі қажет. Қаланың Астана іргесінде тұрғанын және тұрғындарының саны тез өсіп келе жатқанын ескерсек, бұл – өте өзекті мәселе", — деді Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзінде.

Айта кету керек, осыған дейін Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылордада өтетінін жазғанбыз.