Амал күнінде еліміздің құсбегілері Алатаудың баурында бас қосып, төс қағыстырып көрісті .
Әрісі Атырау мен Арқадан, берісі Шығыстан жиналған бүркітшілер «Жетісу салбурыны -2025» республикалық турниріне қатысып жатыр. Қыс бойы баптаған қыранының бабы мен бағын сынап көрмек.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Жетісу облысы құрылғалы алғаш ұйымдастырылған сайысқа еліміздің әр аймағынан 54 құсбегі қатысты. Олар бүркітті шырғаға салу және қолға шақыру бойынша өзара үздіктерді анықтайды. Ал қаршыға, ителгі баптағандар қолға шақыру сосын көгершін аулау, далбай тептіру бойынша сынға түседі.
Айдар Бекмұхамет, құсбегі:
- Бұл қаршыға менің алты жасымнан бар. Қазір мен ондамын. Бұл мені әлі келдіріп орын алып жүр. Ертең біздің жарыс болады. сол кезде де орын алуым мүмкін.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Сонымен қатар саятшылардың ұлттық киімі, қыранның бабы бағаланады. Жарыстан бөлек саятшылар алқалы жиын өткізіп, келелі мәселені талқылады.
Бүркітбай Файзолла, "Жетісу саятшылары" Ұлттық спорт федерациясының ҚБ президенті:
- Осы өнерді ЮНЕСКО-ға материалдық емес құндылық ретінде тіркету туралы жиын болды. Ол жиында біз қалай жасалу керек? Салбурын деген не? Келешекте біз не істеуіміз керек? Сол туралы әңгіме болды. Жаңадан әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру арқылы ЮНЕСКО-ға тіркетеміз деп отырмыз.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Екі күнге жалғасатын сайыс нәтижесінде үздіктер ақшалай сыйақымен марапатталады. Жалпы бұл жарысты Наурыз мерекесінің басы деуге болады. Себебі бүгіннен бастап 22-сіне дейін өңірде салт-дәстүрді дәріптейтін, ел бірлігін нығайтатын шаралар өткізіледі.
Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев, Олжас Байбосынов