Current Date: 14-03-2025

Ұлттық мүддемізді қорғау үшін ұтымды әрі байыпты әрекет етуіміз керек – Мемлекет басшысы

Әлемде болып жатқан оқиғалар елдің бағдарының дұрыс екенін көрсетіп отыр.

Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында нақтылап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Біз тарих, дәстүр және қазіргі заман құндылықтарын әрдайым бірдей ұстанып келеміз. Жұртты саяси прагматизмге шақырып, қоғамда заң мен тәртіпті орнықтыру маңызды екенін бұрыннан айтып жүрміз.

Қазір әлемде болып жатқан оқиғалар біздің бағдарымыздың дұрыс екенін көрсетті. Әрине, шетелдегі жағдайды үнемі ескеріп отыру маңызды. Бірақ біз алдымен өз еліміздің ішкі мәселелеріне ден қоюымыз керек. Біз ұлттық мүддемізді қорғау үшін алдағы уақытта да ұтымды әрі байыпты әрекет етуіміз керек, – деді ел Президенті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақ халқы өзгелерден кем емес, бұл – ақиқат, бірақ артық та емес" деп айтқан ерекше сөзін жариялаған едік.