Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, ол салаларда өз елімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, жаһандық ауқымда ықпалымызды жүргізе аламыз .
Мұны Президент Ұлттық құрылтайдың кезекті жиынында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Меніңше, Қазақстанның кемінде төрт салада орасан зор мүмкіндіктері бар. Осы салаларда біз өз елімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақтық, тіпті, жаһандық ауқымда ықпалымызды жүргізе аламыз.
Цифрландыру ісі мен жасанды интеллект, көлік тасымалы, энергетика, агроөнеркәсіп кешені және адам капиталы негіз болады, – деп сөзін нақтылай түсті Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Президент Бурабайды дамытуға 140 млрд теңге бөлінетінін хабарлаған еді.