Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай аясында көптеген бастама көтеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біздің ұлтымыздың арман-мұраты Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алады. Біз баршаға және әркімге зор мүмкіндік беретін мемлекет құрып жатырмыз. Бұл – әр азамат өз қабілетін шыңдап, адал еңбегімен отбасын асырай алатын ел болу деген сөз. Заң және тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп. Ал біздің идеологиямыз – қарапайым әрі түсінікті. Бұл – жаһандағы аса күрделі геосаяси ахуалда елімізді жаңа даму деңгейіне көтеру үшін берік негіз қалау деген сөз. Мемлекеттіміздің тағдыры мен ұлтымыздың берекелі өмірі осыған тікелей байланысты", — деді Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай аясында көптеген бастама көтеріліп жатқанын атап өтті.
"Отаншыл азаматтардың арқасында еліміз тұрақты дамып келеді. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгін біршама өзекті мәселелер талқыға түсті. Алдағы уақытта да осылай береке-бірлікте болып, еліміздің болашағы үшін маңызды жұмыстарды бірге атқара береміз деп сенемін! Ораза қабыл болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!", — деді Президент.