Соңғы айда Өзбекстанда жұмыс істейтін қазақстандық инвестор саны тағы 22 кәсіпорынға толықты. Осылайша жалпы саны 1082-ге жетті. Ұлттық статистика агенттігінің хабаралауынша, арасында Қытай компаниялары көш бастап тұр. 15 мыңнан асады. Ал Ресей мен Түркия үштіктен көрінген. Қазақстан көрші елмен сауда саттықты 10 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Бұл мақсатта көптеген жоба қолға алынған.
Қазақстанда өзбек кәсіпкерлерінің қатысуымен 1 мың 400 кәсіпорын жұмыс істейді. Ал бұл елде қазақ капиталы құйылған компания саны 1082-ге жетті. Шекаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы ашылған жағдайда экономикалық көрсеткіштердің еселенері анық. Себебі 100 гектар аумақта орналасатын алып кешенде түрлі өндіріс орындары пайда болады. Мыңдаған адам жұмыспен қамтылады.
Бахтиёр Исламов, экономика ғылымдарының докторы, профессор:
- Көп ретте екі мемлекет президенттерінің ойлары бір жерден шығып жатады. Бұған біз бек қуаныштымыз. Соның нәтижесінде Қазақстан мен Өзбекстанның байланыстары жаңа деңгейге көтерілді. Тауар айналым 4,5 млрд доллардан асты. Қазақстан Өзбекстанның экономикада да сенімді серіктесі. Қытай, Ресей сияқты елдермен иық тіресіп тұр. Екі елде жүргізіліп жатқан саяси экономикалық реформалар өз нәтижесін беруде.
Мәтін Қазақстандық компаниялардың Өзбекстанның тұрғын үй нарығында үлесі басым. Коммерциялық нысандар салып, бірқатарын қолданысқа берді. Ал қаржы секторындағы қазақстандық банктің несиелік портфелі мен активтері 5 жыл ішінде 600 млн доллардан асты. Ел бойынша 20 жуық өкілдік жұмыс істейді. Банк тұтынушыларға заманауи қызметтер ұсынып, онлайн қызметтерін енгізді.
Саидмұхтар Саидқасымов, Орталық Азия халықаралық институты басшысының кеңесшісі:
-Парламенттік кездесулердің де маңызы зор. Олар екі елдің байланыстарын заңнамалық тұрғыдан қолдап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстан мен Өзбекстанның достығы бекемдеген сайын, халықтар арасындағы бауырластық нығаяды. Екі елдің қазіргі алыс берісі, барыс келісі әлемдік геосаясатта көп елге үлгі дер едім.
Айта кету керек, қазір негізгі экспортталатын тауардың көшінде ауыл шаруашылығы өнімдері тұр. Жалпы Қазақстан мен Өзбекстан сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізуді көздейді. Оған толықтай мүмкіндік те бар. Қазір екі елдің үкіметаралық, парламентаралық комиссиясы кедергілерді жою бойынша бірігіп жұмыс атқаруда.
Авторы: Дулат Нуркин