Атырауда пәтер өртеніп, көміртегі тотығынан улану салдарынан қарт әйел қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталының мәліметінше, тұрғын үйден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама 5 наурызда сағат 7:32-де Атыраудың шұғыл қызметтеріне келіп түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер екі қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтердің өртеніп жатқанын анықтады.
"Есік құлыптаулы болды, сондықтан құтқарушылар пәтерге терезе арқылы кіруге мәжбүр болды. Қонақ бөлмеден олар 72 жастағы пәтер иесін тапты. Ол таза ауаға шығарылып, дәрігерлерге тапсырылды. Бірақ, өкінішке қарай, зейнеткерді құтқару мүмкін болмады. Ол көміртегі тотығымен уланған", — деп атап өтті басылым.
Өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілер мысықты да қауіпсіз жерге шығарды. Өртті жоюға алты құтқарушы мен екі бірлік техника қатысты. Өрт 26 минут ішінде толығымен сөндірілді.
Бұған дейін "пранк" жасаймын деп сүйіктісінің есігін өртеп алған павлодарлық ірі айыппұл арқалағанын жазғанбыз.