Current Date: 16-03-2025

Жұманғарин блогерлер қанша салық төлегендігін айтып берді

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 5 наурызда Мәжіліс аясында блогерлерге салық салу мәселесі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол салық жинау – Салық комитетінің тұрақты жұмысы екенін атап өтті.

"Бұл жолы кейбір аспектілер, соның ішінде блогергерге қатысты салық мәселесі көпшілікке ашық болды. Бүгінде 15 блогерге 1,5 млрд теңге салық салынды, қазір оның 75 млн теңгесі бюджетке төленді. Ірі салық төлеушілерге, құрылыс компанияларына да салық жүйесі шамамен осылай жұмыс істейді",- деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін шенеуніктердің Астанадағы ақылы тұрақ мәселесін талқыға салғандығы хабарланған болатын.