Бүгін Алматы қаласының әкімі Е.Досаев ҚР Беларусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесті.
Шаһар басшысы алдымен елші Алексей Богдановты жақында дипломатиялық қызметке тағайындалуымен құттықтап, Алматы мен Беларусь Республикасы арасындағы ұзақ мерзімді достық қатынастарға негізделген жоғары деңгейдегі ынтымақтастығын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Беларусь – Алматының ең маңызды экономикалық серіктесі. Қалада белорус капиталы бар 405 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.
Былтыр 2024 жылы Алматы мен Беларусь арасындағы тауар айналымы шамамен 300 млн АҚШ доллар болған. Ендігі мақсат – бірлескен жобалар санын арттырып, табысты еселеу.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, атап айтқанда, сауда-экономикалық байланысты дамыту, инвестициялық өзара әрекеттестік және мәдени-гуманитарлық алмасу мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында тараптар өзара іскерлік делегацияларды жіберу, сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын жандандыру туралы келісті.