Current Date: 15-03-2025

«Жанабыловтарға қызыққан»: Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуінен тағы да аста төк той жасауды талап етті

Танымал актриса, блогер Жұлдыз Әбдікәрімова жары Қайрат Нұртастан тағы да үйлену тойын жасауды талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің бұлай шешім қабылдауына блогер Жанабыловтардың 12 жылдан кейінгі астатөк тойы себеп болған.

Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас блогер Жанабыловтардың 12 жылдан кейінгі тойына қатысқан. Өнер иесі жарынан алдағы уақытта өздеріне тағы да осындай той жасауын талап етті.

«Жақсыны көрмекке, жұғысты болсын», деп жазды актриса.