Current Date: 15-03-2025

Аудармашы құлаққап

Енді тіл біл­месеңіз де шетел азаматымен еркін сөйлесе аласыз. «Apple Inc». компаниясы «AirPods» құлақ­қап­тарына екі адам ара­сындағы әңгімені бірден тікелей аударатын жаңа функция енгізбек .

Жаңа құрылғының жұмыс істеу әдісі қарапайым. Егер қазақ тілінде сөйлейтін азамат біреудің ағылшын тілінде сөйлеп тұрғанын естісе, iPhone оны аударып, құлаққап киген қолданушыға қазақша жеткізеді. Ал ағылшын тілінде сөйлей­тін адам қазақ азаматының айтқанда­рын ағылшын өз тілінде түсіне алады. Бұл қызмет «Apple» компаниясының мобильді құрылғыларына арналған iOS 19 операциялық жүйесі жаңартылған уақытта пайда болады.