Current Date: 16-03-2025

"Өрт болып, үш адам қаза тапты". Астанада жалға берілген пәтердің иесі сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуынан, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққаны үшін айыпталушы үй иесіне қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айып ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша тағылды.

Сотпен анықталғаны К. үш жәбірленуші мен басқа да азаматтар тұрған тұрғын үйінің бөлмелерін құжатсыз жалға беріп, көрсетілген қызмет үшін ақша аударымдарын алған. Сотталушы 2024 жылдың маусым айында аталған тұрғын үйде өрттің тұтануына жол беріп, нәтижесінде көмірқышқыл газынан улану салдарынан үш адам қайтыс болған, олардың біреуі кәмелетке толмаған. Өртке ұзартқыш ішіне тартылған электр кабелінің мыс сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде жиһаздың, атап айтқанда диванның қаптамасының ыстық металл бөлшектерінен тұтануы себеп болған.

Сотталушының кінәсі өзінің мойындау айғағымен, жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, сотталушы мен жәбірленушілер арасында жасалған келісім шарттармен, ақшалай қаражатты аудару туралы түбіртектермен, ақшалай қаражатты беру туралы банк үзінділерімен дәлелденді.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушілердің өкілдеріне моральдық шығынды өтеп берді.

Сот шын жүректен өкінуін, жәбірленушілерге моральдық зиянды ерікті түрде өтеуін, кәмелетке толмаған балаларының болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар жоқ. Сот үкімімен, жасалған қылмыстың мән-жайын, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сотталушы 3 жыл мерзімге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2025 жылы 28 ақпанда Жетісу облысында баланы зорлаған экс-депутат өмір бойына сотталған болатын.