Синоптиктер 2025 жылы 15 наурызда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануы түрінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына мыналар ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе тас жол бойында жүруден аулақ болу;
- балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуге кеңес берілмейді;
- өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз;
- дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
Бұған дейін синоптиктер бүгін, 15 наурызда Алматы мен еліміздің 13 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.