Current Date: 18-03-2025

Алтындар, 370 млн теңге: тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті Nazira Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген. Алайда шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.

Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан аса салымшы тартылған.

Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 көлік сатып алған.

Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден асатын 12 келі алтын бұйымдар тәркіленген.

Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз