Current Date: 17-03-2025

Қазақстан туралы танымдық деректер цифрлық форматқа көшіріліп жатыр

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бурабайда өткен құрылтайда Мемлекет басшысы «ұлттық цифрлық мұрағат құрып, оны еліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік беру керек»,-деді. Мәселен, жасанды интеллект – интернет бетіндегі бар ақпаратпен ғана тапсырманы орындап, белгілі бір туындыны шығарады. Ал, қазақ ұлтының тарихы мен мәдениеті, тілі туралы сапалы дүние істесін десек, соған сай цифрлы материал қорын толтыру керек. Тағы бір мәселе – сұранысқа байланысты.

Алпамыс Батқалов, дизайнер, ІТ-маманы:

Бұлар неге үйретпеген десеңдер, мысалы коммерциялық пайда бар да ол арада. Мысалы, көп тұтынбайтын аудиторияның мәдениетін үйретіп, шығынданып керегі жоқ. Сондықтан, олары оны көп үйреткен жоқ қазақшаға. Олар көбіне ағылшын, викинтгтар... қазақтың суретін сал десең, викингті жасайды әлде жақсы реклама жасаған монголияны жасайды.

Президент айтқандай, әзірге интернет кеңістігінде Қазақстан туралы әлемнің кең таралған тілдеріндегі, әсіресе, ағылшын тіліндегі ақпарат көп емес. Сондықтан, цифрлық мұрағат құру — маңызды. Мысалға, жасанды интеллектінің тілін қазақшалау мәселесі былтыр парламент қабырғасында көтеріліп, тілдік ақпараттық жүйесін түзу ісі қолға алынып жатыр. Қазақтың тарихы мен тілі және мәдениеті туралы дәйекті деректерді цифрлық форматқа көшіру ісі енді-енді қарқын ала түсетіні анық.

Сәкен Есіркеп, қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

Біз қолда бар мәліметтерді, архив құжаттарын көбіне ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы цифрлық форматқа барынша көшіру керекпіз. Өзге елдің азаматтары да өзге тілде сұрай береді жасанды интеллектен Қазақстан жайлы. Сондықтан біз ғылыми зерттеу институттарымен, басқа да мүдделі мекемелермен бірлесіп, осы бағытта жұмысымызды жалғастырамыз.

Азамат Бейбітұлы