Current Date: 02-08-2025

Елімізде 2,7 млн гектар аумақта шегірткені улау жұмыстары жүргізілді

Биыл республика бойынша 3 млн гектарға жуық аумақта шегірткені улау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды 24kz.

Өңдеу шараларына алғаш рет агродрондар қолданылды. Зиянкестерге қарсы жұмыстарды үйлестіру үшін жедел штабтар, әр аудан, қалаларда арнайы жұмыс топтары құрылды. Арнайы жол картасы да әзірленген. Зерттеу жұмыстарына үш жарым мыңнан астам адам тартылып, улау шараларына 443 арнайы техника жұмылдырылды.

Саят Сақмолдин, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары:

- Атап өтсем, 239 жерүсті бүріккіш техника, 100 дана газогенератор, 24 дана жеңіл ұшақтар, 31 дана аса жеңіл ұшақ және атап өткендей өзінің жоғары тиімділігін көрсеткен 49 дана ұшқышсыз ұшу аппараттары, яғни, агродрондар пайдаланылды.