Анна Ахматованың «Жарылыс» атты аудармалар жинағы алғаш рет қазақ тілді оқырманға жол тартты .
Кітаптың тұсаукесері Алматыдағы Ұлттық кітапханада өтті. Жинақты қазақ оқырмандарына белгілі ақын, аудармашы Ақсұңқар Ақынбаба ұсынды. Басылымға Ахматованың «Вечер», «Белая стая», «Подорожник» сынды жыр жинақтарынан қазақ тіліне аударылған көптеген өлеңдері енді. Кітап мемлекеттік тапсырыспен 3 мың дана болып жарық көріп, республикадағы барлық кітапханаларға таратылды. Іс-шараны Қазақстан Жазушылар одағы мен ЮНЕСКО жанындағы мәдени орталық ұйымдастырды.
Ақсұңқар Ақынбаба, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:
- Әрине Ахматованы аудару оңай болмайды. Ол үшін адамда ақындық және өмірлік белгілі бір дәрежеде тәжірибе керек. Жас кезімде мысалы махаббат тақырыбындағы өлеңдерін жиі аударатынмын. Ал кейін есейе келе 35-40-тан кейін үлкен дүниелерін аудара бастадым. Өйткені ол кезде адамда өмірлік тәжірибе жинақталады.